Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша жиын өткізді
20:21 / 2022-03-23

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 23 наурызда экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету шараларын талқылауға арналған жиын өткізді.

– Коронавирустық пандемия кезінде барлық секторларды қиын жағдайдан шығару жөніндегі шешімдеріміз өз жемісін берді. Қазіргі жағдайда да біз қауіп-қатерді алдын ала білуіміз керек. Әлемдік оқиғалар нәтижеге кері әсер етпеуі үшін нақты шараларды айқындауымыз керек. Әсіресе, кәсіпкерлерге жағдай жасап, оларға жан-жақты қолдау көрсетуіміз қажет, – деді Мемлекет басшысы.

Осыған байланысты жиында экономикалық дамудың қазіргі жағдайы сарапталып, қосымша шаралар белгіленді.

Экономикалық даму және кедейшілікті азайту министрлігіне, Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігіне кәсіпкерлермен күнделікті диалог орнатып, олардың жобаларын, өндірістік қызметін, экспорт-импорт операцияларын ілгерілету тапсырылды.

Желіде және өңірлерде күнделікті мониторинг орнату арқылы ықтимал қатерлердің алдын алу бойынша шұғыл шаралар қабылдау міндеті қойылды. Кәсіпкерлік субъектілеріне айналым қаражатын толықтыру үшін револьверлік несиелеу жүйесін одан әрі оңайлату қажет екендігі айтылды.

Экспорт мәселесіне тоқталған Президент экспорттаушы кәсіпорындардың көліктік-логистика мәселелерін шешуді, олардың тасымалдау шығындарын ішінара өтеу тәжірибесін кеңейтуді тапсырды.

Бүгінде әлемде азық-түлік өнімдерін жеткізуде проблемалар туындап, олардың бағасы айтарлықтай өсіп жатқаны белгілі. Сондықтан министрлер кабинетіне ішкі нарықтағы баға тұрақтылығын қамтамасыз ету, бидай, өсімдік майы, қант және басқа да азық-түлік өнімдерін импорттайтын кәсіпкерлерге көмек көрсету арқылы халықтың сұранысын қанағаттандыру жөнінде қосымша тапсырмалар берілді. Сондай-ақ Үкіметтің негізгі міндеті инфляцияны төмендету және оның нысаналы көрсеткіштерге жылдам қайтарылуын қамтамасыз ету екені тағы да айтылды.

Валюта нарығындағы белгісіз жағдайды ескере отырып, Орталық банкке ішкі валюта нарығының тұрақтылығын және айырбас бағамының икемділігін қамтамасыз етуге сақтықпен қараудың маңыздылығы көрсетілді. Ішкі валюта нарығындағы ахуалды күнделікті бақылап, кәсіпкерлерді, жалпы, халықты осы жағдай, күтілетін өзгерістер мен қабылданатын шаралар туралы хабардар ету қажет екені айтылды.