Мемлекет басшысы Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушыларды марапаттау жөнінде жарлыққа қол қойды
Өткендерді еске алу және қадірлеу күнінің өтуіне орай
Мемлекет басшысы Шавкат Мирзияев Өзбекстандағы 9 мамыр жалпыұлттық мейрам – Өткендерді еске алу және қадірлеу күнінің өтуіне орай және Екінші дүниежүзілік соғыста қаза болғандардың есімін мәнгілік ету мен қазіргі күнде де қатарымызда тұрып Отанның беделін көтеруге, жастарды рухани және адамгершілік рухта тәрбиелеуге үлес қосып жүрген ардагерлерді құрметтеу және фашизм үстінен қол жеткізген жеңістің 75 жылдығына орай соғыс ардагерлері мен мүмкіндігі шектеулі жандарды материалдық ынталандыру мақсатында, осы қадірлі кісілерге 10 000 000 (он миллион) сум көлемінде біржолғы ақшалай сыйлық берілуі туралы құжатқа қол қойды.