Президент Шавкат Мирзияев 10 қазан күні «Humo Arena» спорт сарайында болып, дзюдодан әлем чемпионатын тамашалады.
Бұл беделі жағынан Олимпиада ойындарынан кейінгі екінші орында тұрған маңызды жарыс екені белгілі. Өзбекстанда алғаш рет өтіп жатқан бұл чемпионатқа 82 елден 571 дзюдошы қатысуда. Өзбекстан құрамасы сапында 18 ұл-қыз бақ сынауда.
Мемлекет басшысы 90 келіге дейінгі салмақтағы ерлер арасындағы финалдық бәсекені тамашалады. Жерлесіміз Давлат Бобонов итальяндық қарсыласы Кристиан Парлатиді жеңіп, алтын медельға қол жеткізді. Бұл Өзбекстан дзюдо тарихындағы тағы бір үлкен жетістік болды.
Жеңімпаз Давлат Бобонов (алтын) және жүлдегерлер Кристиан Парлати (күміс), грузиялық Лаша Бекаури және Лука Майсурадзеге (қола) медальдарды Президент Шавкат Мирзияев тапсырды.
Жарыстың келесі күндері татамиге тағы төрт өзбекстандық спортшы шығады. Әлем чемпионаты 13 қазанда аяқталады.


















