Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласының өкілдерімен ашық диалог өткізеді
Президент Шавкат Мирзияев 2022 жылдың 18 наурызында денсаулық сақтау саласының өкілдерімен ашық диалог өткізеді.
Мұндай шара ел тарихында алғаш рет өткелі тұр, онда саланы одан әрі дамыту, жүйелі проблемаларды еңсеру шаралары талқыланып, медицина қызметкерлерінің ұсыныстары тыңдалады.
Ашық диалогқа дайындық барысында медицина қызметкерлері мен тұрғындардан 25 мыңнан астам өтініштер мен ұсыныстар келіп түсті. Олар талданып, «Адамның қадір-қасиеті үшін» атты ізгі идеясы негізінде елдің денсаулық сақтау саласын жаңа деңгейге көтеріп, халқымызға медициналық қызмет көрсетудің тиімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған ауқымды шаралар әзірленді.
Кездесуге саладағы барлық буын өкілдерінен 10 мыңнан астам қызметкер қатысады деп күтілуде.