Президент Шавкат Мирзияевтың жарлықтарына сәйкес, тәуелсіздіктің 29 жылдығы қарсаңында бір топ азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды. Марапаттау рәсімі бүгін 28 желтоқсанда Көксарайда өтті.
Мемлекет басшысы награда алған азаматтарды құттықтап, оларға деген шынайы ықыласын айта тұрып: - Соңғы жылдары біз жақсы дәстүрді қалыптастырып, жерлестерімізге мереке күні марапат табыстауды жолға қойған едік. Өкінішке орай, биылғы пандемияға байланысты халқымыздың денсаулығын сақтау үшін осынау игі шараны біраз кейінге қалдыруға тура келді. Жақсылықтың ерте-кеші жоқ дейді. Сондықтан осы құтты күннің сәті бүгінгі мереке қарсаңына тура келген екен тағыда жүз көрісіп тұрмыз,- деді Шавкат Мирзияев.
Айтулы шарада Мемлекет басшысы биылғы жыл пандемиямен қатар келген ел аумағындағы (Бұхара мен Сырдариядағы жағдайлар) орын алған көңілсіз жағдайларғада тоқталып: - Еліміз осындай сынақты күндерде қатты күйзеліске түспей, керісінше қиындықтар бірігуімізге себеп болып, бір-бірімізге деген сүйіспеншілігімізді арттырды. Пандемия мен жаһандық дағдарыстың салдарын азайту жөніндегі біздің күш-жігеріміз қазір өз жемісін беруде, - деді.

Іс-шарада отандастарымыздың жанқиярлық қызметтерін бағалау мақсатында биыл «Өзбекстанның еңбек сіңірген геологы» құрметті атағы, «Жоғары Деңгейдегі Достық», бірінші және екінші дәрежелі «Денсаулық», «Құрметті жаттықтырушы» ордені, «Салауатты өмір» медалі сынды жаңадан мемлекеттік марапаттар тағайындалды.
Мемлекет басшысы айтулы жиынға келген азаматтар атынан барлық марапатталған өзбекстандықтарға құттықтау жолдады. Содан кейін сыйлықтар салтанатты түрде өз иелеріне табысталды.





















