English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы білім саласына байланысты жиын өткізді
17:57 / 2020-04-30

Пандемияға байланысты биылғы оқуға түсу барысының қорытынды емтихандарды онлайн режимінде өткізу жоспарлануда


Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 30 сәуір күні биылғы оқу жылын жақсы аяқтау мен бітіру және түсу емтихандарын ұйымдастыру мәселесіне арналған жиын өткізді, деп хабарлайды Президент баспасөз қызметі.

Пандемияға байланысты білім саласындағы жүйеге қашықтан оқуға мүмкіндік беретін технологиялар енгізіліп, 10 000-нан астам оқу орындарында 7 миллион оқушымен 500000 студент онлайн режимінде оқуын жалғастыруда.

Ендігі міндет – биылғы оқу жылын сапалы аяқтау. Шет елдердің тәжірибесі мен қазіргі жағдайға сүйене отырып, жоғары оқу орындарында қорытынды емтихандарды онлайн режимінде өткізу жоспарлануда. Жиында осы процесті табысты ұйымдастыруға тапсырмалар берілді және ЖОО-ға құжат қабылдауды жақсарту және қашықтан, онлайн түрде интернет арқылы құжат тапсыру мүмкіндігін жасау керектігі сөз болды.

Пандемияға байланысты биылғы оқуға түсу барысы жылдағыдан жеңілдетілген тәртіпте өтетін болып, ЖОО-ғы оқу үрдісіне қажетсіз деп табылған әдістер жоспарға ілікпейді. Сонымен қатар лицейдің мектептен мүлдем өзгеше болуы керек екенін ескере отырып, лицей қызметін күшейту тапсырылды.

Жаңа жүйенің негізінде құрылатын кәсіптік мектеп, колледж бен техникумды іске қосу міндеттері нақтыланып, осы бағыттағы ескі колледж жүйесінің қателіктері қайталанбауы керектігі айтылды. Соның негізінде әр облыстағы бір үлгілі кәсіптік мектеп, колледж және техникалық мектепті даярлау міндеті қойылды.