Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы банк саласындағы реформалар жөнінде жиын өткізді
21:09 / 2020-07-06

Өзбекстан Республикасында банк жүйесін реформалаудың 2020-2025 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру мәселелері қаралды


Президент Шавкат Мирзияев 6 шілдеде Өзбекстан Республикасында банк жүйесін реформалаудың 2020-2025 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру мәселелері бойынша банк активтеріндегі жеке сектордың үлесін 15% -дан 60% -ға дейін арттыру және коммерциялық банктердің трансформациялау процесін жеделдетуге бағытталған тұжырымдар жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Президент баспасөз қызметі. 

Ең алдымен банктердің трансформация процесін жеделдету жөніндегі мәселесі қаралды. Қазіргі уақытта ел аумағында 6 коммерциялық банк – «Ипотекекабанк», «Саноатқурилишбанк», «Туронбанк», «Асака Банк», «Алоқабанк» және «Агробанк» - қаржылық диагностика және ұзақ мерзімді стратегияларды әзірлеу мен жекешелендіру бойынша халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтастықты жолға қойған. Алайда, басқа банктерді трансформациялау процесі жеткілікті деңгейде болмай тұр, -деп айтып Мемлекет басшысы барлық коммерциялық банктердің төрағалары сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін қатаң шаралар қабылдауға және комплаенс-бақылау сияқты тиімді тетіктерді енгізуге тиіс екендігін айтты.

Мемлекеттік коммерциялық банктердегі мемлекет тарапынан қаржыландыратын қаражаттың үлесі жоғары екендігі сынға алынды және мұндай несиелердің үлесі «Құрылыс банкте» 41%, «Ипотека банкте» 32% құрайды. Өткен жылы банктер мемлекет кепілдік берген несие желілері бойынша 600 миллион доллар алды, ал биыл бұл көрсеткіш 570 миллион долларды құрайды. Бұл ретте халықтың ірі банктердегі жинақтары мен мерзімді салымдарының үлесі орташа есеппен 5 пайызды құрайды екен. Осыған байланысты Орталық банкке депозиттерді тарту бойынша коммерциялық банктерге қосымша ұсыныстар әзірлеу тапсырылды.

Жиында Президент банктер қаржылық ресурстарды мемлекеттің демеуінсіз және көмегінсіз дербес тартуы керек екенін атап өтті.