Мемлекет басшысы бүгін Ташкент қаласындағы бірнеше орталықтарға барды
Ташкент қаласындағы Алмазар ауданында болып, ондағы Студенттер қалашығында бой көтерген жаңа Инновациалық даму министрлігінің ғимары мен және Өзбекстан Ұлттық университетінің ғалым және пелагоктарына арнап салынған көп қабатты тұрғын үйді барып көрді
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев 12 маусым күні Ташкент қаласындағы Алмазар ауданында болып, ондағы Студенттер қалашығында бой көтерген жаңа Инновациалық даму министрлігінің ғимаратын көрді.
Жаңадан бой көтерген 5 қабатты ғимарат Иннавациялық министрліктің елдегі экономиканың барлық жүйесі мен әлеуметтік салалардың әлемдік ғылыми жетістіктері, инновациялық идеялар мен технологиялар негізінде дамуын жеделдетуге арнап салынған және жабдықталған.
Ғимаратта кеңейтілген виртуалды реалды технологиясы – «NazzAR» платформасы жолға қойылған болып, бұл технология қолданушыларға қолындағы смартфон арқылы әлемдегі өзге нысандармен өзара әрекеттесуге мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда Инновациялық даму министрлігі ғылым мен өндіріс арасындағы интеграцияны қамтамасыз ететін қажетті жүйені құрған және ғылыми-зерттеу институттары мен ғалымдардың инновациялық идеялары мен жобаларына қолдау көрсетіп жалпы құны 28,2 млрд сумды құрайтын 31 стартап-жоба қаржыландырылған. Қазіргі уақытта халықаралық ынтымақтастық аясында Германия, Ресей және Беларусьтегі серіктестерімен 9,6 млрд сумдық 38 бірлескен жобасы жүзеге асырылуда.



Сонымен қатар Президент Студенттер қалашығында жаңадан бой көтерген Өзбекстан Ұлттық университетінің ғалым және пелагоктарына арнап салынған 9 қабатты 6 тұрғын үйдің қолайлықтарымен көріп танысты.






