Мемлекет басшысы Бұқара облысына сапармен барды
27 сәуір күні күшті жел соғуы салдарынан Бұқара облысында көңілсіз жағдайлар орын алды
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Бұқара облысында 27 сәуір күні күшті жел соғуы салдарынан орын алған көңілсіз жағдай мен сондағы халықтың тұрмысына келген қиын жағдайды оңтайлы шешу мақсатында атаулы облысқа арнайы сапармен келді.
Сапар аясында Мемлекет басшысы табиғи апаттан жапа шеккен аймаққа барып қираған нысандарды көзден кешіріп, сондағы халықпен тікелей сұхбаттасты. Сонымен қатар тұрғын үй мен инфрақұрылымды жөндеу, тұрғындарға жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды. Ауыл шаруашылығы, экономика салаларында және қоғамдық қауіпсіздік саласында шұғыл шаралар қабылданып бұл мәселе жауапты қызметкерлерге міндеттелді.








Бұқараға жасаған арнайы сапары аясында Президент Бахауддин Нақшбанд кесенесін зиярат етіп, қасиетті Рамазан айында халықты бәле-жаладан аман сақтауын сұрап Жаратқанға дұға-тілектер жасалды.

