Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы азық-түлік қауіпсіздігі мен бау-бақшаны дамыту мәселелері жөнінде жиын өткізді
18:42 / 2020-04-08

Президент биылғы қиын жағдайды ескере отырып, барлық аулаларда 2-3 рет егін егу және қосымша жеміс алу бірінші кезектегі міндет болуы керектігін айтты


Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев 8 сәуірде коронавирустық пандемиямен күреске байланысты жұмыстардың нәтижесін талдау мен азық-түлік қауіпсіздігінің, жұмыспен қамтудың және табыстың маңызды көзі болып табылатын бау-бақшаны дамытуға арналған бейнеконференциялы жиын өткізді.

Мемлекет басшысы тарапынан коронавирус індетінің таралуын шектеуге, оның халық тұрмысы мен ел экономикасына теріс әсерін азайтуға бағытталған бірқатар маңызды шешімдер қабылдағаны белгілі. Атап айтқанда, арнайы республикалық комиссия құрылып, эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру, халықтың денсаулығын сақтау және карантин режимін енгізу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді. Осы аралықта Ташкент облысындағы екі аймақта 20 мың кісілік карантиндік ауруханалар құрылып, тағыда 10 мың жанға арналған осы сынды аймақ құрылысы мамырдың 15-не табысталмақ. 

Науқастардың жағдайы тұрақты бақылауға алынған және арнайы дәрігерлер тобынан штаб құрылып оған Корея және Қытайдан вирусологтар шақыртылып, Ресей, Германия, Жапония және Түркиядағы мамандармен тұрақты телемедицина байланыстары орнатылды.

-Ең бастысы, халық жағдайды дұрыс бағалап, өз міндеттерін қашықтан орындауда, дәрігерлердің ұсыныстары мен карантиндік процедураларды қатаң сақтау арқылы мәдениеті, саналы және тәртіптілігімен бәріне үлгі болуда. Оқушыларымыз бен студенттеріміз онлайн-сабақтар оқумен жаттығуларды орындап білім алуды жалғастыруда. Осы қиын-қыстау күндерде көпұлтты халқымыз дүрбелең мен үрей тудырмай, керісінше шеттен келген бұл бәленің лезде өтіп кетуіне, көп өтпей жақсы күндер келетініне сеніп, өздерінің күшті еріктерін, мейірімділігі мен ынтымағын тағы да паш етуде», - деді Шавкат Мирзияев.
Дегенмен, бұрын сонды болмаған деңгейде насихат жұмыстарының жүргізілуіне қарамай үйде емделіп, ауыр халде ауруханаға түскен 40 жастағы науқас кеше қайтыс болды. Марқұмның отбасына көңіл айтып, Мемлекет басшысы кезекті рет сергек болуға шақырды. «Егер өзіңізде қандай да бір өзгеше белгілер байқасаңыз, дереу дәрігерге қаралыңыз. Қайталап айтамын, ең алдымен, бұл ауру отбасымызға енуіне жол бермеуіміз, өзімізді және жақындарымызды осы зұлымдықтан құтқару өзімізге байланысты!», деді.


Жиында Мемлекет басшысы Өзбекстанның азық-түлік тауарларына деген ішкі сұранысын толығымен қанағаттандыру, халықтың табысы мен әл-ауқатын арттыру үшін үлкен резервтер мен мүмкіндіктер бар екенін айтып, ол үшін барлық фермерлер, кластерлер, диқандар карантин ережелерін сақтай отырып өз егістіктеріне, ал халық өз аулаларына егіндік жұмыстарын жалғастыруы керек. Әйтпесе, ішкі нарықта бағаның тұрақтылығын сақтау қиынға соғатыны анық.

Соған орай Президент биылғы қиын жағдайды ескере отырып, барлық аулаларда 2-3 рет егін егу және қосымша жеміс алу бірінші кезектегі міндет болуы керектігін айтты.

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары. Жиынның толық нұсқасын «president.uz»дан оқи аласыздар.