Президент Шавкат Мирзияев Жызақ облысына жасаған сапары аясында Шараф Рашидов ауданындағы «Голд Фиш агро» балықшылық кластерінің қызметімен ауыл шаруашылығы жобаларымен танысты.
Бүгінгі күнде Жызақ облысында 220 -дан астам балық өсіру қожалығы бар. Жыл соңына дейін барлығы 23 мың тонна балық өсіру жоспарланған.
Биыл олар қатарына «Голд Фиш агро» ЖШС қосылып, құны 30 миллиард сумды құрайтын жоба уылдырық дайындаудан бастап балық өсіруге, өңдеуге және жемшөп өндірісіне дейін барлығын қамтиды.
Кластерлік алқабы 43 гектар, оның 4 гектары интенсивті және жартылай интенсивті балық өсіруге арналған. Мұндағы жасанды бассейндер қытайлық технологиямен жабдықталған. Осы технология тұрақты суды қажет етпейді, бірақ ондағы суды қайта өңдеу арқылы жұмыс істейді. Қазір әр жасанды тоғанда мыңға дейін сазан өсірілуде. 2 гектар аумақты алып жатқан жасанды көлдерде балықтар жартылай интенсивті түрде өсіріледі.
Жалпы алғанда, кластер жылына 500 тонна балық өндіруге қауқарлы. Сондай-ақ, балық өңдеу зауыты мен сыйымдылығы 800 тонналық заманауи тоңазытқыштар бар.
Мемлекет басшысы балық өсіру барысымен танысты және бұл тәжірибені кеңінен насихаттап, тұрғындарға үйрету керек екендігін айтты.


Осы жерде Жызақ облысында жүзім шаруашылығын дамыту бойынша жобалар таныстырылымы өтті.
Ауданның табиғаты жүзім шаруашылығына өте қолайлы. Осыны қолдана отырып,облыстағы бірнеше аудандарында 42 кластер құрылып, 50 мың гектар жерге жүзім мен интенсивті бау құру көзделген.
Шавкат Мирзияев Шароф Рашидов ауданында жүзім өсіру кластерін ұйымдастырып, өндірісті ұлғайту және энотуризмді дамыту бойынша тапсырмалар берді. Халықты өнімді сорттармен қамтамасыз ету және жүзімді сатып алу арқылы бес мың адамды жұмыспен қамтамасыз етуге болатындығы айтылды.

