Мемлекет басшысы ауыл-шаруашылық саласындағы өзекті мәселені талқылауға арналған бейнеконференциялы жиын өткізді
Жиында Мемлекет басшысы жахандық дағдарыс пен пандемия жағдайында ел аумағында жүзеге асырылып жатқан індетке қарсы жұмыстарға тағыда тоқталып өтті
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 14 сәуірде ауыл-шаруашылық саласындағы өзекті мәселені талқылауға арналған бейнеконференциялы жиын өткізді, деп хабарлайды Президент баспасөз қызметі.
Жиында Мемлекет басшысы жахандық дағдарыс пен пандемия жағдайында ел аумағында жүзеге асырылып жатқан індетке қарсы жұмыстарға тағыда бір тоқталып былай деді:
- Күнделікті баспасөзден білесіздер, бүкіл әлемде, оның ішінде біздің елімізде де науқастардың көбейіп баражатқаны барлығымыздан, халық арасында қауіпсіздікті арттыру мен карантиндік тәртіпті сөзсіз орындауды талап етеді.
Әрине, барлық жасаған әрекетпен дәрігерлеріміздің ерлігінің арқасында бүгінгі күнде осы аурудан зардап шеккен 100 отандасымыз толықтай сауығып шықты.
Ендігі жағдайда Үкімет комиссиясы ел аумағында Қарақалпақстан Республикасының «Жуқорғи Кенгесі», облыстық және Ташкент қалалық әкімдіктері, тиісті министрліктер мен ведомстволардың басшылары келесі мынадай шұғыл шараларды қабылдауы керек.
Ең алдымен пандемия мен байланысты жағдайдың соңынан қуып емес, бәлкім оның тарауының алдын алуға бағытталған барлық мүмкіндік пен ресурсты жұмылдыруымыз керек.
Екіншіден, біз қазіргі жағдайды мұқият талдап, алдағы қауіп-қатерлерді, олармен байланысты проблемаларды болжау мен шешіміне нақты жоспар және мұқият шаралармен дайын болуымыз керек.
Үшіншіден, біз осы індетті жеңу үшін барлық мемлекеттер және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуымыз қажет. Қытай, Оңтүстік Корея, Ресей, Израиль, Ұлыбритания, Германия және Жапонияның жетекші сарапшыларымен телемедицина диалогын кеңейтіп, олардың ұсыныстарын белсенді түрде орындауымыз керек.
Төртіншіден, Республикалық комиссия тиісті министрліктер және ведомстволармен бірлесіп, жергілікті әкімдердің, сектор жетекшілерінің коронавирустың таралуын болдырмау және оның экономика мен адам өміріне теріс әсерін азайту жөніндегі жауапкершілігін одан әрі арттыру шараларын күшейтуі керек болады. Әсіресе әкімдер мен сектор басшылары халықтың аса қажеттіліктерін толық қанағаттандыру, бағаның көтерілмеуін қамтамасыз ету және көмекке мұқтаж отбасыларды қолдау бағытындағы жұмыстардың тиімділігіне жеке өзі жауап беретін болады.
Осы жағдайды пайдаланып басшылар назарына айтпақ болғаным ел аумағындағы ауыл шаруашылығында, өнеркәсіп және құрылыс салаларында, экономиканың басқа да басым секторларында, кәсіпкерлік субъектілерінде тиімді жұмыс істеуді жалғастыруымыз керек. Өйткені күн күтпегендіктен, өмір жалғасуда. Бүгінгі жоғалған уақыт пен мүмкіндікті ертең қалпына келтіру мүмкін емес. Алдымызда 34 миллион қадірлі халқымызды асыраумен қатар көптеген өнімдерімізді экспорттау міндетіде тұр.
Шынында да, осындай қиын-қыстау кезеңде біз ұлы және еңбекқор халқымыздың күш-жігерімен, парасаттылығының және шыдамдылығы мен мейірімділігі, шынайылдығының арқасында осы қиын сынақтарды жеңіп өтеміз, - деді Президент Шавкат Мирзияев.
Мемлекет басшысы жиын барысында орталық органдардың басшылары мен басқа да лауазымды тұлғалардан өз ауданындағы әр науқастың жағдайы туралы есеп алып, жасалған жағдайлар туралы егжей-тегжейлі сұрады.
Сонымен қатар, республиканың мамандандырылған медициналық ғылыми-зерттеу орталықтарының басшылары өздері жауапты болған аумақтағы әр науқастың жағдайынан хабар алу мен мемлекет тарапынан қажетті көмек үстінде үздіксіз жұмыс жүргізуі айтылды.