12 тамыз күні Президент Шавкат Мирзиёевтің төрағалығымен аудандардың экономикалық дамуы, баламалы қуат көздерін енгізу, өнеркәсіп кәсіпорындары үшін тартымды жағдай жасау шаралары туралы бейне селекторлық кеңес өтті.
Республикада жұмыспен қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Сайхұнабад», «Уйчи», «Зарбдар», «Ғиждуван» тәжірибелері қолға алынғаны белгілі. Жиын басында осы бағыттағы жұмыстардың тиімділігі пысықталды.
Мысалы, Сайхұнабад тәжірибесі бойынша әрбір махаллаға 10 шағын жобаны жасау міндеті жүктелген. Осы арқылы республикада барлығы 132 мың шағын жоба іске қосылып, 242 мың адам жұмыспен қамтылған. Бірақ 26 аудандағы 46 махаллада бұл істер баяу жүріп жатыр.
«Уйчи» тәжірибесіне сүйене отырып, банктер клиенттерімен жұмыс істеу арқылы ел бойынша 500 мфң жаңа жұмыс орны ашылған. Бірақ 15 аудан мен қалада нәтиже көңіл көншітпейді.
«Ғиждуван» тәжірибесі мың махаллада көпқабатты өнеркәсіптік ғимараттарды құруға бағытталған, ал «Зарбдар» тәжірибесі жергілікті драйвер жобаларды жүргізуге бағытталған.

Жоғарыдаға 4 ауданның тәжірибесі мемлекет саясаты екені айтылып, оны жүзеге асыруда олқылық танытқан басшыларға қатаң шара қолданылатыны ескертілді. Жалпы, әрбір тәжірибенің менеджерлеріне нақты «KPI» белгіленетіні және олардың орындалуына қатысты қатаң сұрау болатыны баса айтылды.
Жиынның күн тәртібіндегі басты тақырып Бұхара облысының мысалында кәсіпкерлерге көбірек жағдай жасау, әр ауданды мамандандыру, энергияны тиімді пайдалану туралы болды. Жиынға үкімет мүшелері, экономика салаларының басшылары мен өзге облыстардың әкімдері де қатысты.
Мемлекет басшысы биылғы жылдың 31 мамыры мен 1 маусымы аралығында Бұхара облысында болды. сапардан кейін облысқа 1,4 триллион сум бөлінді. Бүгін кәсіпкерлікке қосымша 60 миллион доллар, инфрақұрылымға 40 миллион доллар бөлу туралы шешімге қол қойылды.
Жиында Бұхардағы мүмкіндіктер бес бағыт бойынша сараланып, міндеттер айқындалды.
Олардың біріншісі – қызмет көрсетуді дамыту.

Облыста 584 қонақ үй, 122 қоғамдық тамақтану, 18 500 дүкен, 30 сауықтыру және дене шынықтыру орталығы бар. Бұхараның тағамы танымал, бірақ мың адамға шаққанда асхана мен мейрамхана саны Самарқандқа қарағанда 10 есе аз. 103 жобалық ұйым және 2372 құрылыс ұйымы толық жұмыс істемейді. Аудандардың бас жоспарын жасап, сату және қызмет көрсету станцияларын орналастыруға болады.
Сондықтан Бұхара қаласындағы 62 массив пен 54 көшеде қызмет көрсетуді дамыту туралы шешім қабылданды. Бірі тамақтануға, екіншісі денсаулық саласына, енді бірі қонақүй, қолөнер, сауда, қызмет көрсету саласына мамандандырылады. Барлығы 4 мың кәсіпорын ұйымдастырылып, 6 мың адам жұмыспен қамтылады.
Мемлекет басшысы индустриялық аймақтарда жер телімдерін беруді жеңілдетіп, қызмет көрсетуді қамту туралы ұсынысты қолдады. Бұдан былай қызмет көрсету орындарын сатып алу үшін несиенің ерекше түрі – «қызметтік ипотека» іске қосылатыны белгілі болды.
Жиында энергияны тиімді пайдалану мәселесіне баса назар аударылды. Бұхарада 900 миллион киловатт электр қуатын мен 400 миллион текше метр газды үнемдеуге болатыны айтылды. Бұл жалпы тұтынудың 20 пайызына тең. Атап айтқанда, 42 ірі кәсіпорынның құрал-жабдықтарын жаңарту арқылы электр қуаты мен газды 25 пайызға дейін үнемдеуге болады.

Ең үлкен тұтынушы – «Аму-Бұхара арнасы». Сорғыларды жаңарту нәтижесінде жылына 200 миллион киловатт немесе 204 миллиард сум үнемделуде. Бірақ бұл аз.
Сорғы станцияларының аумағында 100 мегаватт күн станциясы мен 100 мегаваттық сақтау жүйесі орнатылса, жалпы желіден алынатын электр энергиясын 25 пайызға қысқартуға, орташа тәуліктік тариф 12,5 пайызға төмендетуге болатыны көрсетілді.
Сондай-ақ, 200 мың жылжымайтын мүлік ғимаратына кемінде 3 киловатт күн батареяларын орнату арқылы 600 мегаватт қуат өндіруге болады. Бұл арқылы аймақтық электр қуатын тұтыну 20 пайызға үнемді болады.
Сондықтан Энергетика министрлігіне, облыс және аудан басшыларына жыл соңына дейін 4 мың ғимаратқа күн батареяларын орнату тапсырылды. Ол үшін олардың сатып алу мүмкіндіктерін кеңейту керектігі айтылды.
Жеке секторды кеңінен тарта отырып, халықты сұйытылған газбен уақытылы қамтамасыз ету шаралары белгіленді.
Бұхара облысында 3 ірі газ-химиялық кешен, 10 күн және жел электр станциялары салынуда. Оларға 1 миллиард доллар қосалқы бөлшектер қажет. Бірақ көптеген кластерлер мен кәсіпорындар бірдей өнімді шығарады және жаңасын жасаумен айналыспайды.

Облыста 1,5 миллион тонна жеміс-жидек пен көкөніс өндіріледі. Бұл Бұхараның қажеттілігінен 2 есе көп. Алайда оның 11 пайызы ғана өңделсе, 30 пайызы тасымалдауда босқа шығындалады. Облыстағы 4 шағын агрологистикалық орталықтың қуаттылығы небәрі 66 мың тонна өнім өңдеуге жетеді.
Сондықтан Президент әрбір ауданды өнеркәсіп саласына мамандандыру қажеттігін айтты.
Мысалы, «Жондор» ауданындағы үйлерде тоқыма өнімдерін жасау бойынша 3 мыңға жуық қыз-келіншекте тәжірибе жеткілікті. «Вобкент» ауданында жүзім, гүл, көшет өсіру қолға алынған. «Бұхара» ауданында 27 мың тонна жеміс-көкөніс өнімдерін өңдейтін жаңа кәсіпорын іске қосылды.
Әр ауданның мамандануын негізге ала отырып, шикізат, инфрақұрылым, кадр және нарық мәселелерін қамтитын бағдарлама әзірлеу міндеті жүктелді.

Осы жоспар мен мақсаттарды жүзеге асыру үшін кәсіби мамандар қажет. Бірақ көп жағдайда кәсіптік оқыту еңбек нарығының сұранысы мен жастардың қызығушылығын ескермей, жұмыс істеп тұрған мұғалімдердің шеңберінде жүзеге асырылады. Жастардың 2 пайызы ғана дуальді оқыту түрінде білім алады, облыстағы 30 мың кәсіпорынның бар болғаны 350-імен серіктестік жолға қойылған. Соның салдарынан 28 мың студент оқитын колледждер мен техникумдарға қабылдау 50 пайызға да жетпейді.
Сондықтан толық пайдаланылмай жатқан оқу ғимараттары мен бөлмелері тікелей кәсіпкерлерге жалға беріледі. Алынған қаражат ғимараттарды жөндеуге және құрал-жабдықтар сатып алуға жұмсалады. Жастарды кәсіпке оқытып, жұмыспен қамту бірден-бір шарт екені баса айтылды.
Өңірлердегі жұмыстың алға басуына ең үлкен кедергі – аудандық ұйымдардың өзімшілдігі. Қызметкерлерге «KPI» қойылмаған, цифрландыру жұмысы шала, жаңа нәрселерге оқыту жоқ. Сондықтан министрліктерге олардың жүйесіндегі цифрландырудың әдіснамасы, реттеу және цифрландыру бойынша тапсырмалар берілді.
Жиында Бұхара облысы мен аудан әкімдерінің, сала, сала басшыларының ақпараты тыңдалды.
