Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы ардагерлерге құрмет көрсетті
14:11 / 2024-05-08

Бұл күндері елімізде 9 мамыр – Еске алу және қадірлеу күні кеңінен аталып өтілуде. Президент жарлығына сәйкес, екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылар мен мүгедектеріне біржолғы ақшалай сыйлық берілуде. Олардың жағдайларынан хабар алынып, құрмет көрсетілуде.

Жүз жылды басынан өткеріп, өмірдің бар ащысын көрген бұл жандар үшін ең бастысы – денсаулық. Сондықтан олардың денсаулығын нығайтуға үнемі назар аударылуда. Қазірдің өзінде бір топ соғыс ардагерлері ауруханалар мен саяжайда емделуде.

Президент Шавкат Мирзиёев 8 мамырда Қорғаныс министрлігінің Орталық әскери-клиникалық госпиталінде болып, соғысқа қатысушылары жағдайынан хабар алды.

Ускан  ата Хаджиманов Боёвут ауданынан келген, Файзулла ата Нурматов Аққорған ауданынан, Анарбай ата Жалилов Паркент ауданынан, Мухиддин ата Дусанбаев Орта Шыршық ауданынан келіп емделіп жатыр. Олар өз өмірлеріне риза екендіктерін, Өзбекстанның, адамдардың құрметіне риза екендіктерін айтты. Олардың денсаулығы аудандық медицина бірлестігінің тұрақты бақылауында, жыл сайын тегін дәрі-дәрмекпен қамтылып, саяжайларға жолдамалар беріліп тұрады.

Ардагерлер  Мемлекет басшысына немерелерінің оқуы, еңбектері, жетістіктері туралы айтып берді. Олар білім, құрылыс, ішкі істер, ауыл шаруашылығы сынды түрлі салаларда жемісті еңбек етіп, Өзбекстанның дамуына өз үлестерін қосуда. Жастар заманауи білім алып, шетелге оқуға кетіп жатыр. Аталар бейбітшілікті, отансүйгіштік пен еңбекті қадірлеуге үндеп келеді.

– Біздің барлық әрекетіміз халқымыздың көңілінен шығып, риза ету. Реформалардың нәтижесі ең тқменгі, әр шаңыраққа жеткенін қалаймыз. Жоспарларымыз да үлкен. Егер бәрі бірігіп, бір боп жұмыс істесе, біз алға қойған мақсатқа тезірек жетеміз. Бұған сіздей ақсақалдардың дұғасы көмектеседі. Сіздің өміріңіз - ерік-жігер мен ерлік мектебі, ал сөздеріңіз жастарға үлгі, - деді Шавкат Мирзиёев. 

Ақсақалдар Мемлекет басшысына мейір танытып, құрмет көрсеткені үшін алғыстарын білдірді. Әлемнің тыныштығын, жастардың жарқын болашағын тілеп дұға жасалды.

Емханада Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушыларға тиісті күтім жасалуда. Бұл мекеме толықтай жөндеуден өтіп, жаңа ғимараттар салынып, 2022 жылы пайдалануға берілді. Аурухана 700 төсек-орынға арналған болып, онда әскери қызметкерлер, олардың отбасы мүшелері, сала ардагерлері тегін емделеді. Осы мақсатта 286 түрлі диагностикалық тексерулер, 600-ден астам тәжірибелер жолға қойылып, 30-ға жуық мамандандырылған бөлімшелер құрылған.