Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев Арал теңізінің құрғаған аймағында болып, жағдайғк назар аударды.
Қарақалпақстан халқының тұрмысы, жалпы үлкен аймақтың экологиясы осы мәселеге байланысты. Бір кездері теңіз бен оның іргесіндегі өзендер, жайылымдар халыққа азық, жұмыс, табыс көзі болған. Бірақ табиғат заңдылығына араласу, Амудария мен Сырдария суын бөгеу әлемдегі ең ауыр экологиялық апаттардың бірі болды. Өңірімізде шөлейттену мен тұздану деңгейі күрт артты. Өсімдіктер мен жануарлардың түрлері азайып кетті.
Қазіргі жаһандық жылыну мен жауын-шашын азайып жатқан заманда Аралды құтқару мүмкін емес болып барады. Мұндай жағдайда жалғыз жол – қазіргі барын сақтап қалу, қайғылы жағдайдың салдарын азайту, адамдардың өмірін жеңілдету.
Мемлекет басшысы бұл мәселені Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының сессияларында сөйлеп, халықаралық саммиттерде маңызды ұсыныстар айтты. Бұл ретте біздің мүмкіндіктерге сүйене отырып, практикалық жұмыстар атқарылуда.
Атап айтқанда, Арал теңізінің құрғаған түбінен миллиондаған тонна шаң мен улы тұздар көтеріліп, үлкен аумаққа тарайтын еді. Шавкат Мирзияев 2018 жылы Мойнаққа сапары барысында ғалымдармен кеңесіп, ол жерге тұзға төзімді өсімдіктерді егу міндетін қойған болатын.


Мемлекет басшысына осы бағытта атқарылған жұмыстар туралы баяндалды.
Соңғы жылдары теңіздің қуаң бөлігінде 1 миллион 524 мың гектар тоғай орманы отырғызылды. Ол үшін сексеуіл, қарақұмық, қамыс, Черкез сынды шөлді өсімдіктерден 6 мың тоннаға жуық тұқым дайындалып, қиын жағдайда егілді. Жұмысқа 4 мыңнан астам жұмысшы мен 1600 бірлік техника мен ұшақ жұмылдырылды.
Қазірде бұл қайырымды қажет қарекет жалғасуда. Биыл 100 мың гектар жерге «жасыл жамылғы» салу жоспарлануда. Бүгінгі таңда 26 мың гектар алқапта жұмыс басталып, 562 тонна тұқым дайындалды. Сондай-ақ, 100 гектар аумақта көшетхана құрылуда.


Мемлекет басшысы мұнда экологтар, орман шаруашылығы мамандарымен әңгімелесті.
– Біз осы қиын жағдайда егін егу бойынша мол тәжірибе жинақтадық. Сапарымның мақсаты – осы жұмысты ғылыми негізде жалғастыру, – деді Шавкат Мирзияев.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып, облыстың топырағына қолайлы сорттар жасау, кейінгі кезеңде мал шаруашылығын дамыту жөнінде тапсырмалар берді.
Арал өңірінің флорасы мен фаунасын жақсартудың 5 жылдық ұлттық бағдарламасын әзірлеу міндеті тұр.













