Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы АҚШ-тағы өзбекстандықтармен кездесті
02:39 / 2025-09-25

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев АҚШ-қа жасаған жұмыс сапарын қорытындылай келе, дәстүрге сай, осы елде еңбек етіп, тұрып жатқан отандастарымызбен, сондай-ақ АҚШ-тың беделді университеттерінде білім алып жүрген «Эл-юрт умиди» қорының стипендиаттарымен кездесті.

Бейресми жағдайда өткен шынайы сұхбат барысында Жаңа Өзбекстандағы реформаларды жүзеге асыру мәселелері, әсіресе оларды алға жылжытуда отандастар мен оларды біріктіретін ұйымдардың рөлі талқыланды.

Кездесуде табысты кәсіпкерлікпен айналысып жүрген отандастар мен жастар арасында байланыс алаңын құруғабағытталған «Отандастардың халықаралық бизнес марафоны» жобасына ресми түрде бастау берілді.

Қатысушылар Өзбекстан мен АҚШ арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, ғылыми және білім беру байланыстарын кеңейту, ұлттық экономиканың басым салаларына АҚШ-тың озық технологияларын енгізу, медицина, көлік және логистика салаларында инновацияларды дамыту, елімізде маркетплейстерді өркендету бойынша өз ұсыныстарын білдірді.

Мемлекет басшысы жиналғандарға Отан өркендеуіне қосып жатқан үлесі үшін алғыс білдіріп, айтылған барлық ұсыныстар мен бастамалардың министрліктер мен ведомстволар тарапынан мұқият зерделенетінін, ең үздіктері іс жүзінде жүзеге асырылатынын атап өтті.

Өзбекстан Президенті АҚШ-тағы «Эл-юрт умиди» стипендиаттарының саны 500-ден асқанына ерекше назар аударды. Дарынды жастарды қолдау, олардың білім мен тәжірибесін елде қолдануға жағдай жасау – мемлекеттік саясаттың негізгі басым бағыттарының бірі екенін айтты.

Президент Шавкат Мирзиёев студенттерге оқуда және болашақ кәсіби қызметінде табыс тілеп, мемлекеттің әрқашан жастардың бастамаларына ашық екенін және оларды жан-жақты қолдауға дайын екенін жеткізді.

Өз кезегінде, кездесуге қатысушылар шетелдегі отандастар мен жастарға көрсетіліп жатқан қолдау, олардың әлеуетін жүзеге асыруға жасалған жағдайлар үшін алғыстарын білдіріп, Отанымыз өркендеуіне одан да зор үлес қосуға дайын екендіктерін айтты.