Президент Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен 10 қыркүйекте ақпараттық технологиялар саласында кадрларды даярлау және талантты жастармен жүйелі жұмыс істеу мәселелері бойынша видеоселекторлы жиын өтті.
Жиында «Цифрлық экономика» ел даму негіздерінің бірі ретінде анықталған болып, осы мақсатта «Цифрлық Өзбекстан - 2030» стратегиясын жүзеге асыру басталды. Атап айтқанда, өңірлерде 89, ал секторларда 200-ден астам жоба жүзеге асырылды.
Жыл басынан бері IT Park резиденттерінің саны 35%-ға артып, 6 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылды. Осы жылдың 8 айында жасалған бағдарламалық өнімдер 26 миллион долларға экспортталды. Алдағы 3 жылда экономикада тағы 300 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

Бұл жобалар салаға жоғары білікті кадрларды дайындау мақсатында Біріккен Араб Әмірліктерімен бірлесе отырып «Бір миллион бағдарламашы» жобасы жүзеге асырылуда. Әзірге бұл жоба бойынша 567 000 қыз-жігіттер тегін сабақ алды. Бір айта кетерлігі, олардың 79 пайызы жоғары сынып оқушылары.
Іс-шара басында Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкімет істері жөніндегі министр Мұхаммед бен Абдуллах әл-Гергави бейне байланыс арқылы осы жобаның маңыздылығы туралы өз пікірін білдірді.

Мемлекет басшысы осы жобаны әр мектепке жеткізу, қажет болған жағдайда қосымша компьютермен қамтамасыз ету, балаларды білімге тартудың маңыздылығына тоқталып: - «Бір миллион бағдарламашы» жобасы бойынша ешбір мектеп тыс қалмауы керек, - деді Шавкат Мирзияев.

Бүгінде республикада ақпараттық технологияларға маманданған 100 мектеп бар. Алдағы екі жылда мұндай оқу орындарының санын 205-ке жеткізіп, 30 мыңнан астам оқушыларға білім беру жоспарлануда. Сондықтан шенеуніктерге осы мектептер үшін мұғалімдер, құрал -жабдықтар мен оқу бағдарламаларын мұқият дайындауды тапсырылды.

Тағы бір жаңалық - осы жылдың 1 қазанынан бастап барлық аймақтарда 14 IT-техникумы іске қосылады. Оларда бағдарламалық қамтамасыз ету, ақпараттық қауіпсіздік және телекоммуникация салаларында 8 мыңға жуық оқушы білім алмақ.

Кадрлар дайындау барысында оқу орталықтары да маңызды рөл атқарады. Осы мақсатта «Алоқа» Банкі жарғысы 80 миллиард сум болатын Венчур қоры мен IT білімді дамыту орталығын құрады. Алдағы 5 жылда орталық 100 мың жасқа бағдарламалық қамтамасыз ету, мобильді қосымшалар мен желіні басқару бойынша кәсіби білім беріледі.

Бүгінгі таңда 4 Президент мектептерінде 576 оқушы, 3 мамандандырылған және 9 шығармашылық мектепте 1,5 мың оқушы білім алуда.

Мамандандырылған мектеп оқушыларын ақпараттық технология мамандықтарына бағыттау, шығармашылық мектептерде веб-дизайн, компьютерлік графика, бейнелеу және цифрлық өнер, аудиовизуалды туындылар жасау, аударма, журналистика және актерлік шеберлік сияқты үйірмелерді ұйымдастыру міндеттері қойылды.

Жалпы алғанда, Президент мектептерде инвестиция мен инновацияны енгізудің жаңа жүйесі құрылады. Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі мен Сыртқы істер министрлігі оқу бағдарламаларын, әдебиеттер мен жабдықтар, білікті оқытушылар мен шетелден қаржылық гранттарды тартуға көмектеседі. Сонымен қатар шетелдік мектептермен мұғалімдер және студенттерді алмастыру бағдарламалары орындалатын болады.