Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы «Аңыздар алқабы» демалыс саябағына барды
00:33 / 2020-06-27

Саябақ аумағы - 155 гектар болып, мұнда құны 123 миллион долларлық жоба жүзеге асырылуда


Президент Шавкат Мирзияев Наманганға жасаған сапары аясында ондағы «Аңыздар алқабы» мәдени-демалыс саябағына барды.

Саябақ аумағы - 155 гектар болып, мұнда құны 123 миллион долларлық жоба жүзеге асырылуда. Мемлекет басшысы аймақты көзден кешіріп, осындағы демалып жатқан тұрғындармен сұхбат құрды.

Қазіргі уақытта мұнда 16 түрдегі аттракционды тематик парк, 2400 орындық амфитеатр, 7 түрлі судағы аттракциондар және 16 бассейнді аквапарк бар. Сонымен қатар 2 заманауи сарқырама мен музыкалық субұрқақтар, 3 мейрамхана, 1800 орындық 2 көлік тұрағы орын алған. 2022 жылдың наурызына дейін Ұлттық қолөнер орталығы, мешіт, 400 адамға арналған қонақ үй мен 110 вилланы іске қосу жоспарланған. Мұнда қазір 600 қызметкер жұмыс істейді. Алдағы уақытта жоба жұмыстары толықтай аяқталуы мен олар саны 1500-ге жетуі көзделген.