Мемлекет басшысы ақпараттық технологиялар мен цифрлық экономиканы дамыту жөнінде жиын өткізді
Республиканың барлық аймақтарында цифрлық технологиялар бойынша кем дегенде 100 оқу орталығын ашу міндеті қойылды
8 маусымда Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің басшылығымен ақпараттық технологиялар мен цифрлық экономиканы дамыту саласындағы реформалардың жүзеге асырылуы туралы презентация өтті, деп хабарлайды Президент баспасөз қызметі.
Бүгінгі жиында осы саладағы қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін заманауи бағдарламашыларды даярлауды тездету керек екендігі айтылып, онда «Бір миллион бағдарламашы» жобасының жұмысы жөнінде сөз қозғалды. Осы бастаманың алғашқы кезеңінде 62 мыңнан астам тәлімгерлер арасынан 5,4 мыңына біліктілік сертификаты берілгені және оның жалғасында жыл соңына дейін 100 мыңға жуық оқушыға білім беріп, студенттердің біліктілігін арттыру жөнінде тапсырмалар қойылды.
Қазіргі заманда «Электронды үкімет» қызметіне талап күн санап артып келеді. Алайда елдегі 780 жуық мемлекеттік қызметтің бар жоғы 185 ғана «электрондық жүйе» арқылы пайдалану мүмкіндігі бар екен. Сондықтан осы саладағы «электронды оқыту бағдарламасы» арқылы бітірген бағдарламашыларды мемлекеттік және бизнес мекемелерінде IT-мамандары ретінде жалдау қажеттігі айтылып, Ақпараттық технологиялар және коммуникациялар министрлігіне барлық аймақтарда цифрлық технологиялар бойынша кем дегенде 100 оқу орталығын ашу міндеті жүктетілді. Бұл мектептер бағдарламалау, электрондық коммерция және графикалық дизайн негіздері бойынша қысқа мерзімді оқу курстарын ұсынатын болмақ.
Саладағы реформалар жөніндегі презентация барысында жауапты тұлғалар аталған IT парктердің құрылысы, оптовалоконды желілерді қамту және ұялы Интернеттің жылдамдығы мен сапасын жақсарту туралы ақпарат берді.



