Мемлекет басшылары жаңа кооперациялық жобаларды іске қосты
Жоғары мемлекетаралық кеңестің екінші отырысынан кейін Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев пен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ірі кооперациялық жобаларды іске қосу рәсіміне қатысты.
Атап айтқанда, «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы мен «Tenge Bank» банкі филиалының Ташкенттегі жаңа бас кеңсесі өз жұмысын бастады.


Сонымен қатар, «Silkway Central Asia» көпсалалы логистика орталығы, сызықтық алкилбензол өндіру қуаттары, Жаңа Ташкенттегі «Астана» тұрғын-үй орамы, сондай-ақ екі ел астаналарында «Ташкент» және «Астана» қонақүй кешендерінің құрылысы басталды.
Өзбекстан және Қазақстан Президенттері бұл жобалардың екі ел арасындағы өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қызмет ететініне сенім білдірді.



