Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшылары Технопарк жұмысымен танысты
21:38 / 2024-02-08

Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен бірге Ташкент қаласындағы Технопаркке барды.

Жоғары мәртебелі мейманның назарына технопарк кәсіпорындарында шығарылатын тұрмыстық техника, электронды есептегіштер, лифттер мен эскалаторлар, сорғы, өнеркәсіптік қазандықтар, салқындату жүйелері сияқты жоғары технологиялық өнімдердің кең ассортименті ұсынылды.

Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған өнеркәсіп кешенінде жалпы құны 365 миллион долларды құрайтын 17 өндіріс орны орналасқан. Биыл мұнда логистикалық орталық жұмысын бастайды.

Өнімдер шетелдік бренд атымен және олардың бақылауымен шығарылып, олар ішкі және сыртқы нарықта жоғары сұранысқа ие. Тауарлар әлемнің 10 еліне экспортталады.

Президенттер жетекші кәсіпорындардың ынтымақтастығын кеңейту, тәжірибе алмасу және технологиялар трансферті қажеттігін атап өтті.