Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшылары достық концертіне қатысты
23:12 / 2024-07-18

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев пен Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров жұбайларымен бірге Өзбекстанда Қырғызстанның мәдениет күндерінің басталуына арналған концертке қатысты.

Екі елдің өнер шеберлерінің осынау концерті тарихи тамыры терең, діні, құндылықтары мен дәстүрлері біртұтас өзбек пен қырғыз халықтарының көп ғасырлық достығының көрінісі болды.

Өзбекстан мен Қырғызстан басшыларының күш-жігерінің арқасында бауырлас халықтар жақындасып, мемлекетаралық қарым-қатынастар жан-жақты стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілді.

Халықтарымыздың мәдениетінің байлығы, өзіндік ерекшелігі және сонымен бірге ортақтығы дарынды өнерпаздардың орындауындағы ән-күйлерден көрініс тапты.