French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшылары бірге ағаш отырғызды
18:36 / 2024-06-14

Өзбекстан мен Корея арасындағы жоғары деңгейдегі келіссөздерден кейін «Куксарой» резиденциясында ағаш отырғызу рәсімі өтті.

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев пен Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёль Құрметті қонақтар аллеясына ағаш отырғызды.

Салтанатты шара халықтарымыз арасындағы достық пен өзара түсіністіктің нығаюының, екі ел басшыларының Өзбекстан-Корея ерекше стратегиялық серіктестігін сапалы жаңа деңгейге шығаруға бел байлауының символдық көрінісі болды.