Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшсы орман шаруашылығын дамыту жөнінде жиын өткізді
16:43 / 2020-09-04

Өзбекстан Республикасы Президенті төрағалығымен орман шаруашылығын дамытудағы реформалардың тиімділігіне арналған жиын өтті


Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен бүгін орман шаруашылығын дамытудағы реформалардың тиімділігін талдауға арналған бейнеконференциялы жиын өтті.

Соңғы жылдары елдегі орман саласын дамытуғаерекше көңіл бөлінуінің арқасында орман қорын 12 миллион гектарға жетті. Атап айтқанда, Арал теңізінің құрыған 1,2 миллион гектарына қорғаныш ағаштары отырғызылса, 10 мың гектар қараусыз қалған орман алқаптары игерілді. 5,5 мың гектар жаңғақ, 4 мың гектар тамақ дақылдары мен дәрілік өсімдік плантациялары бой көтерді. Соның нәтижесінде 3 мың жаңа жұмыс орны құрылып, алғаш рет орман шаруашылығында 64 биолаборатория жұмыс бастады.

Жиында бұдан бөлек Жыззақ, Науаиы, Самарқанд, Сұрхандария, Қашқадария, Наманган және Ташкент облыстарында тағы 50 мың гектар алқапты орманға айлантырып, жаңғақ, пісте және бадам екпелерін құруға мүмкіндік бар екендігі айтылды.

Қазіргі кезде елдегі жиһаз өндіретін кәсіпорындар шикізаттың 90 пайызын импорттайтын болғандықтан, оларға павловния және басқа жиһаз ағаштарын өсіру үшін жерді кластерлік әдіспен бөлу тапсырылды.

Қолда бар мүмкіндікті пайдалану арқылы жеке сектордың қатысуымен орман қорының жерлерінде бал арасын асырау (омарташы), қара мал және құс өсіру жобаларын іске асыру мен жұмыспен қамту және азық-түлік қауіпсіздігін нығайту бойынша шаралар белгіленді.

Бұл сала көп нәрсеге қол жеткізуге мүмкіндік беретін болып, елге келген туристерге де өтке қызық. Өткен жыл экотуризм және аңшылық туризмнен жалпы 1 млрд сум пайда түскен. Бостандық ауданының орманды алқаптары туризмді дамыту үшін өте зор аймақ. Мысалы, «Бурчмулла» орман шаруашылығында жеке серіктестік негізінде 300 орындық экотуризм орталығы салынуда. Осы мүмкіндіктерді дұрыс пайдалану арқылы экотуризм және аңшылық туризмнен түсетін табыс көзін 10-15 пайызға арттыру жөнінде сөз болды.