Президенті Шавкат Мирзияев Бұхараға жасаған сапары аясында «Bukhara Cotton Textile» фабрикасының қызметімен танысты.
Бұхара қаласындағы «BCT Cluster» мақта-тоқыма кластері республикада алғашқылардың бірі болып табылады. Ол Мемлекет басшысының 2017 жылғы 19 мамырдағы шешімімен құрылған болып қазіргі уақытта атаулы кластер мақта өсіруден бастап онв өңдеуге дейінгі барлық технологиялық процестерді жақсы меңгерген.
Ал, «Bukhara Cotton Textile» фабрикасы осы жүйедегі соңғы буыны. Оның құрылуына 65 млн доллардан астам инвестиция салынған. Мұнда жалпы 6 мың жұмысшы қызмет атқарады.
кәсіпорын өзінің «B Jeans» брендіне ие. Мұнда жылына орта есеппен 12,5 миллион дана «джинсы классикалық» және «джинси стрейч» шалбар өнділіріп, 2020 жылда 8,2 миллион доллардың өнімі экспортталған. Бұдан бөлек өткен жылы Бұхара, Ташкент, Самарқанд және Наманган қалаларында дүкені ашылды.
«Bukhara Cotton Textile» фабрикасынан шығаратын джинсы матасы табиғилығымен ішкі және сыртқы нарықтарда басымдыққа ие. Оның бұл деңгейге жетуіндегі негізгі тұсы индигофера өсімдігінің тұқымы әкелініп, 80 гектарға аумақта өсіріледі.
Мемлекет басшысы кәсіпорындағы жұмыс процесі мен шығарылатын өнім сапасымен танысып: -мұндағы шығатын өнімдермен ең озық елдер қатарында бәсекелесуге болады. Себебі біздің жеріміз, суымыз, мақтамыз бәрі өзімізден. Жұмыс істеймін деген жастар өте көп. Құнын тағы да төмендетуге болады. Бірақ егер сапа халықаралық деңгейде болса, ол сөзсіз әлемде өз орнын табады, - деді Шавкат Мирзияев.








