Мектептердегі қысқы демалыс мерзімі ұзартылды
Халыққа білім беру министрлігі Өзбекстандағы мектептерде қысқы демалыс мерзімі 24 қаңтарға дейін ұзартылғанын хабарлады.
Халыққа білім беру министрлігі жаңа Ұлттық оқу бағдарламасы бойынша жалпы білім беру ұйымдарының басшылары мен мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру, сондай-ақ оқушылар арасында маусымдық тұмаудың таралуын болдырмау мақсатында қысқы демалысты 2022 жылдың 24 қаңтарына дейін ұзартылатынын хабарлайды.
Осы күндері оқушылардың уақытын тиімді пайдалану үшін түрлі онлайн олимпиадалар, интеллектуалдық ойындары, сонымен қатар кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылады.
Сонымен қатар, министрліктің әлеуметтік желілері мен Ұлттық телерадиокомпаниялардың телеарналарында мектеп оқушыларына арналған түрлі үйірмелер көрсетіледі деп жоспарлануда, делінген хабарламада.