Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мектептерде жаңа жыл мерекесі өтпейді
11:31 / 2020-12-15

Өзбекстандағы жалпы орта білім мектептерінде жаңа жыл мерекесі өтпейтін болды.

Халықтық білім министрлігі Жаңа жыл мерекесіне орай шектеулер енгізілгеніне түсініктеме берді.  

«Министрлігі балалар мен қызметкерлердің пандемия жағдайында қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мектептердегі ата-аналардан түрлі заңсыз ақша жинау жағдайын болдырмау үшін Жаңа жылдық мерекелерді өткізуге шектеулер енгізіліп жатқанын хабарлайды.

Сонымен қатар, орта мектеп оқушыларының қатысуымен жабық ғимараттарда түрлі мерекелік іс-шаралар мен кештер ұйымдастыру және өткізу Республикалық арнайы комиссияның шешімімен эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтылығын сақтау мақсатында тыйым салынады.

Оқушылардың мектеп фойесі және сыныптарды безендіруінен басқа, жасанды шырша және электр шамдарымен безендіруге қойылатын шектеулер өрт қаупінің алдын алуға бағытталған.

Жаңа жылдық мерекелік іс-шараларды Өзбекстан ұлттық телерадиокомпаниясы ұйымдастырған «Балажан» және «Жастар» телеарналарында отбасылық жаңа жылдық телемарафон ретінде тамашалау ұсынылады», делінген хабарламада.