Мектептерде уақытша өтілмеген пәндер үшінші тоқсаннан бастап оқытылады
Пандемия кезінде оқушылардың денсаулығы мен әлеуметтік қашықтықты сақтау және артық қарым-қатынасты болдырмау мақсатында оқу жылының бірінші және екінші тоқсанында дене шынықтыру, музыка мәдениеті, технология, бейнелеу өнері, сурет және т.б. сабақтарды уақытша өтукізуге мүмкіндік болмады.
Халық білім министрлігі эпидемиологиялық ахуал тұрақталғанын, қазіргі кезде ел аумағындағы мектептердің барлығы дерлік жұмыс істеп тұрғаны мен 5,6 млн (90 пайыз) оқушы дәстүрлі түрде білім алып жатқаны және көптеген ата-аналардың ұсыныстарын ескере отырып жоғарыдағы аталған пәндер III ширектен бастап қайта жалғасатынын мәлімдеді.
Оқу жылының бірінші жарты жылдығына арналған тақырыптар Министрліктің ұсынымдарына сәйкес қарастырылатын болады.