French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мектептерде сабақ арасындағы үзіліс қоңырауы соғылмайтын болды
16:01 / 2020-09-03

Өзбекстанда пандемия жағдайында жалпы орта білім беретін мектептерде оқу процесін ұйымдастырудың уақытша тәртібі белгіленді


Өзбекстанда пандемия жағдайында жалпы орта білім беретін мектептерде оқу процесін ұйымдастырудың уақытша тәртібі белгіленді.

Халықтық білім министрлігінің баспасөз хатшысы Лайло Рустамова мәлімдеуінше, мектептерде сабақ таңғы 8:00ден бастап кешкі 17:30ға дейін жалғасады. Балалардың бір уақытта топталып қалуының алдын алу мақсатында сабақтың басталуы сынып деңгейіне қарай 30 минут кешіктірілген түрде жүргізіледі. Яғни:
  • 1-4 сыныптар мектепке сағат 8:00ге дейін;
  • 5-8 сыныптар 8:30ға дейін;
  • 9-11 сыныптар сабаққа 9:00ге дейін келеді.

Оқушылар мектепке арнайы есіктерден әлеуметтік арақашықтықты сақтаған күйде дене температурасы өлшеніп кіргізілетінімен қоса әр бір сынып үшін барлық сабақ бір бөлмеде өтуі белгіленген.

Ал бастауыш сынып оқушыларын сынып жетекшілері мектеп қақпасынан қарсы алып сабақ аяқталғаннан кейін шығарып салатын болады. Тағы бір екершелік, ата-аналардың мектепке кіруіне тыйым салынған болса, сабақ арасындағы үзіліс кезінде қоңырау соғылмайтын болған.