Мектептерде қысқы демалыс 28 желтоқсанда басталады
Өзбекстандағы мектептерде қысқы демалыс 28 желтоқсанда басталады.
Мектепке дейінгі және мектеп білім министрлігі жүйесіне қарасты жалпы білім беретін, шығармашылық, мамандандырылған мектептер мен мектеп-интернаттарының оқушылары үшін биылғы оқу жылының ІІ тоқсанының соңғы күні 2023 жыл 27 желтоқсаны –ал қысқы каникулдың бірінші күні – 28 желтоқсан.
Демалыс 2024 жылдың 10 қаңтарына дейін (14 күнтізбелік күн) жалғасады.
ІІІ тоқсан сабақтары 2024 жыл 11 қаңтарынан басталады.
Еске салар болсақ, республикадағы барлық жоғары, арнайы орта және кәсіптік оқу орындарында қысқы каникул 2023 жылдың 25 желтоқсанынан 2024 жылдың 7 қаңтарына дейін жалғасады.