Мектептерде дәстүрлі түрде жаңа оқу жылы басталды
Өзбекстан мектептерінде ресми түрде 14 қыркүйектен бастап дәстүрлі жаңа оқу жылы басталды
Өзбекстан мектептерінде ресми түрде 14 қыркүйектен бастап дәстүрлі жаңа оқу жылы басталды.
Халықтың білім министрлігінің хабары бойынша 2020/21 оқу жылының басынан република аумағында 2635 мектеп дәстүрлі түрде сабақтарды бастайды. Қалған мектептерде дәстүрлі білім беру 1 қазанға дейін қалпына келтіріледі деп күтілуде. Оған дейінгі аралықта осы мектептерде сабақ онлайнды түрде жалғасады.
Жалпы ел аумағында мектептер саны 10 мыңға жуық болып, 6,2 млн оқушы бар. Мұғалімдер саны 486 мыңды құрайды. Қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты басқа мектептердің ашылуы туралы шешім жергілікті кеңес депутаттарының рұқсатымен жердегі нақты жағдайға және денсаулық сақтау жүйесінің қорытындыларына сәйкес қабылданатын болған.
Еске салар болсақ, мектепте сабақ таңғы 8:00ден бастап кешкі 17:30ға дейін жалғасады. Балалардың бір уақытта топталып қалуының алдын алу мақсатында сабақтың басталуы сынып деңгейіне қарай 30 минут кешіктірілген түрде жүргізіледі. Яғни:
• 1-4 сыныптар мектепке сағат 8:00ге дейін;
• 5-8 сыныптар 8:30ға дейін;
• 9-11 сыныптар сабаққа 9:00ге дейін келетін болған.