French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мектептегі демалыс уақыты өзгермейді
14:18 / 2020-09-20

Өзбекстандағы мектептерде әр ширек сайын берілетін демалыс уақыты өзгермейді


Өзбекстандағы мектептерде әр ширек сайын берілетін демалыс уақыты өзгермейді.

Білім министрлігі мектептердегі жаңа оқу жылының 14 қыркүйектен басталғанына қарамай демалыс мерзімін өзгерту туралы жоспардың жоқтығы мен ондағы сабақ кестесі 34 аптаға жоспраланған және 4 ширекке бөлінгендігін алға тартып, демалыс әр ширектегі белгіленген мерзімінде болатынын мәлімдеді.

Осыған орай:
  • күзгі демалыс: 4 қарашадан бастап 6 күн;
  • қысқы демалыс: 28 желтоқсаннан бастап 14 күн;
  • көктемгі демалыс: 21 наурыздан бастап 7 күн;
  • жазғы демалыс: 26 мамырдан 1 қыркүйекке дейін жалғасады.

Сонымен қатар, 1-сынып оқушыларына ақпан айында қосымша бір апта демалыс беріледі.