Мектепте сынып жетекшілігі үшін берілетін қосымша еңбекақы мөлшері өсті
Өзбекстан мектептерінде сынып жетекшілігі үшін берілетін жалақы мөлшері өсті.
Мемлекет басшысының Жарлығымен 1 қарашадан бастап мектептердегі сынып жетекшілері үшін қосымша төлемдер мөлшері көбейтілді.
Білім министрлігінің мәліметтері бойынша сынып жетекшілігі үшін берілетін қосымша төлемдер ең төменгі жалақының пайыздық мөлшерлемесі бойынша төленеді:
- 15 оқушыға дейін - 26,4% (179 343 сум);
- 16-дан 20 оқушыға дейін - 31,6% (214,668 сум);
- 21-ден 25 оқушыға дейін - 36,9% (250 673 сум);
- 26-дан 30 оқушыға дейін - 42,1% (285,998 сум);
- 31 және одан көп оқушы болғанда - 52,8% (358,686 сум) құрайды.
Сынып жетекшілігі үшін берілетін қосымша еңбекақы жалпы білім беру мекемелерінің барлық түрлеріне, соның ішінде барлық типтегі интернат-мектептеріне де қатысты.