Мектепке дейінгі білім министрі коронавирусқа қарсы вакцина алды
Өзбекстанның Мектепке дейінгі білім министрі Агриппина Шин коронавирусқа қарсы 4 маусымда вакцина алды.
Министрлік баспасөз қызметінің хабарлауынша, Агриппина Шинмен бірге министрлік қызметкерлері де екпе жасатқан болып, олар «Спутник V» вакцинасын алған. Осы уақытқа дейін мектепке дейінгі білім беру саласында жұмыс жасайтын 104 мыңға жуық қызметкер вакцинациядан өтті.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 4 маусымдағы жағдай бойынша республикадағы вакцинация науқаны барысында жалпы 1 448 557 азамат толық вакцина алған. Олар үшін барлығы 2 295 198 доза вакцина қолданылған.