Мектеп түлектерінің «бітіру кешін» өткізуге тыйым салынады
Өзбекстанда 2023/2024 оқу жылында жалпы білім беретін мектептерде «Соңғы қоңырау» шарасы шектеулі негізде өтеді.
Мектепке дейінгі және мектеп білім министрлігінің хабарлауынша, 2023/2024 оқу жылын аяқтау және жалпы білім беру ұйымдарында «Соңғы қоңырау» шараларын өткізу бойынша ұсынымдар әзірлеген.
Оған сәйкес жалпы орта білім беру мекемелерінде «Соңғы қоңырау» іс-шаралары:
- 2024 жылғы 25 мамырда сағат 8:00-ден 9:00-ге дейін ұйымдастырылады;
- мектеп оқушыларының санына қарай 1, 4, 9, 11 сынып оқушылары ғана қамтылады;
- өрт және техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, аудан өкілдері, ата-аналар және құқық қорғау органдарының өкілдерімен бірлесіп ұйымдастырылады;
- жыл бойы үлгілі тәртібі мен оқу арқылы ең жоғары рейтингтік көрсеткіштерге қол жеткізген дарынды түлектер ынталандырылады;
Сондай-ақ, 2023/2024 оқу жылының аяқталуы және «Соңғы қоңырау» іс-шаралары кезінде мына жағдайларға тыйым салынған:
- түрлі мейрамхана мен дәмханаларда, үйде «Бітіру кештерін» өткізу, кезеңдік бақылау емтихандары мен қорытынды мемлекеттік аттестацияларды өткізу, білім беру ұйымдарын жаңа оқу жылына дайындау үшін оқушы мен түлектер мен олардың ата-аналарынан түрлі қаражат жинау;
- мектеп бітіру кештерінде оқушылардан қымбат сыйлықтарға ақша жинау, бітіру кешіне қымбат киім сатып алу, көлікпен жүруді ұйымдастыру;
- оқушылар топтасып бульвар, саябақ, шомылу алаңдарына баруына тыйым салынады.