Мектеп оқушыларының қысқы демалысы 28 желтоқсанда басталады
Өзбекстанда мектеп оқушыларының қысқы демалысы 28 желтоқсанда басталып, 14 күнге жалғасады.
Халық ағарту министрлігінің хабарлауынша, Өзбекстандағы мектеп оқушыларының қысқы демалысы 28 желтоқсанда басталады. 27 желтоқсан – мектеп оқушылары үшін ІІ тоқсанның соңғы күні, ал 28 желтоқсан – қысқы демалыстың бірінші күні болып белгіленген.
Демалыс 14 күнтізбелік күнге, яғни 2023 жылдың 10 қаңтарына дейін жалғасады.
Республика аумағындағы мектептерде ІІІ тоқсан 2023 жылдың 11 қаңтарында басталады.
Еске салар болсақ, Өзбекстандағы жоғары оқу орындар, техникум, колледж, кәсіптік лицей мен академиялық лицейлерде білім алатын студенттердің қысқы демалыс мерзімі 2022 жылдың 26 желтоқсанынан 2023 жылдың 9 қаңтарына дейін белгілен.