Мектеп оқушыларына күзгі демалыс 4 қарашадан басталады
Өзбекстанда мектеп оқушылары күзгі каникул кезінде алты күн демалады.
Халық білім беру министрлігі мектеп оқушылары үшін күзгі демалыс уақыты 4 қарашадан басталатынын хабарлады.
«Мектеп оқушылары үшін I тоқсанның соңғы күні 3 қарашаға тура келеді, ал 4 қараша күзгі демалыстың бірінші күні саналады.
Осы кезеңдегі демалыс 6 күнтізбелік күнге, яғни 9 қарашаға дейін созылады.
Мектептерде екінші тоқсан 10 қарашада басталады», делінген министрлік хабарында.