Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мексикадағы жол-көлік оқиғасында 6 адам қаза тапты
15:08 / 2025-02-17

Мехико-Сити – Пуэбла тас жолында орын алған ірі жол-көлік оқиғасы салдарынан кемінде 6 адам көз жұмды.

«Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, апат елдің Орталық штатындағы Изтапалука муниципалитетіне қарасты Льяно Гранде қаласында болған.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ел астанасына бағыт алған жүк көлігі (трейлер) жүргізуші басқаруды жоғалтып, қарама-қарсы бағыттағы кептелісте тұрған көліктерге соғылған. Оқиға салдарынан жанармай таситын цистерна мен бірнеше көлік, соның ішінде жеке меншік жедел жәрдем көлігі де апатқа ұшырады.

Қайғылы оқиға кезінде өрт шығып, тіркемесі отқа оранған. Жанармай тасымалдаушы көлік қоршауға соғылып, оны қиратып өткен. Қазіргі уақытта апақа байланысты тергеу жұмыстары жүргізілуде.