Мексикадағы автобус апаты 41 адамның өмірін қиды
Мексикада 48 жолаушыны тасымалдап бара жатқан автобус жүк көлігімен соқтығысып, ауыр жол апаты орын алды. Қайғылы оқиға салдарынан 41 адам, оның ішінде 38 жолаушы, екі автобус жүргізушісі және жүк көлігінің жүргізушісі қаза тапты.
CNN хабарлауынша, апатқа ұшыраған автобус «Tours Acosta» компаниясына тиесілі болған. Қазіргі уақытта 18 адамның тұлғасы анықталған.
Компания өкілі бұл қайғылы оқиғаға терең өкініш білдіретінін айтып, көлік белгіленген жылдамдық шегінде жүрді ме, жоқ па – осы мәселе бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеген.