Мексикада жанармай тасығыш танкер жарылып, адам шығынына әкелді
Мехико қаласында жанармай тасыған танкердің жарылуы салдарынан қаза тапқандар саны 21 адамға жетті.
Arab News хабаралауынша, шамамен 50 мың литр жанармай тиеген жүк көлігі қаланың шығысындағы Истапалапа ауданынан өтіп бара жатып аударылып, жарылып кеткен. Қазіргі уақытта 27 адам ауруханада ем қабылдап жатыр.
Апат кезінде жанармай танкері жарылып, бензин төгіліп, ұшқын пайда болған.
Тергеушілердің айтуынша, апатқа шамадан тыс жылдамдық себеп болған.
Қала мэрі Клара Бругада болашақта мұндай қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында 9,2 миллион тұрғыны бар мегаполисте жанармай танкерлерінің қозғалысын қатаң реттейтінін мәлімдеді.