French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мексикада төрт адам стадионда атыс салдарынан көз жұмды
08:51 / 2021-07-06

Мексиканың Морелос штаты Куэрнавака қаласындағы футбол стадионында әуесқой ойын кезінде белгісіз біреулер көрермендерге оқ жаудырды, шабуыл нәтижесінде төрт адам қаза тауып, үшеуі жарақат алды.

«Кеше Куэрнавака қаласындағы Флорес Магон спорт кешенінің футбол алаңында болған шабуылда төрт адам қаза тауып, үшеуі жараланды», - деп хабарлады Silla Rota.

Хабарда айтылуынша, қарулы адамдар ойын кезінде футбол алаңына кіріп, трибуналарға оқ жаудырған, содан кейін олар көлік пен екі мотоциклге отырып қашып кеткен. Оқиға орнына келген дәрігерлер төрт адамның қайтыс болғанын мәлімдеді, тағы үшеуі ауруханаға жеткізілді.

Жергілікті БАҚ мәліметінде, футбол стадионы орналасқан аймақ жиі ұйымдасқан қылмыстық оқиғалар сахнасына айналғаны айтылған.