French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мексикада қала мэрі мен тағы 17 адам оққа ұшты
09:47 / 2022-10-07

Мексиканың Герреро штатында қарулы адамдар Сан-Мигель Тотолапан қаласының әкімдігіне шабуыл жасады.

АР басылымының хабарлауынша, шабуыл нәтижесінде қала мэрі Конрадо Мендоса Альмейда мен тағы 17 адам оққа ұшты. Екі адам зардап шекті.

Герреро штатының прокуроры Сандра Луз Вальдовинос өз мәлімдемесінде қаза тапқандардың бірі мэрдің әкесі, қаланың бұрынғы мэрі екенін айтты. Басқалардан айырмашылығы ол өз үйінде өлтірілген.

Қазарігі уақытта бұл қырғынға жергілікті «Лос Текилерос» бандысының қатысы бар екендігі айтылуда.