Мексикада автобус апаты салдарынан 16 адам қаза тапты
Мексиканың Сонора штатында автобус апатқа ұшырап, 16 адам қаза тапты және 13 кісі жарақат алған.
Penmont тау-кен компаниясының мәліметінше, Tepsa автокөлігінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасында 16 адам қаза тапты. оның салдарынан компанияның 13 қызметкері зардап шеккен. Олардың жағдайы тұрақты, бірақ автобус жүргізушісінің жағдайы ауыр», - делінген.
Басылымның хабарлауынша, кеншілер мінген автобус пен микроавтобус соқтығысқан.