Мексикада атыс болып, полиция қызметкерлері қаза тапты
Мексиканың орталығындағы Закатекас қаласында төрт полиция қызметкері оққа ұшты.
Мемлекеттік қоғамдық қауіпсіздік департаментінің хабарлауынша, қылмыс жасөспірімдер турнирі өтетін футбол алаңының жанында болған.
«Біз қауіпті шабуылдан кейін қызметкерлердің қайтыс болғанына қатты қайғыдамыз», - делінген департаменттің Твиттердегі хабарламасында.
Әзірше оқиға салдарынан сол маңдағы жараланған жасөспірімдер немесе көрермендердің бар -жоғы белгісіз. Қылмыскерлердің күзетшілерге қандай мақсатпен оқ атқаны да мәлім емес.