Мексикада аномальды аптап ыстықтан 90 адам қаза тапты
Мексикада жыл басынан бері аномальді аптап ыстықтан 90 адам қаза тапты.
Мексика баспасөзінің хабарлауынша, Веракрус, Табаско, Тамаулипас, Нуэво-Леон және Сан-Луис Потоси штаттарында қатты аптап ыстықтан қаза тапқандар саны артып келеді.
Мексика Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 29 мамыр мен 5 маусым аралығындағы аномальды аптаптың әсерінен 29 адам қайтыс болды. Екі мыңға жуық адам күннің ыстығынан ауруханаларға жүгінген.
Мексика метеорологиялық қызметі алдағы күндері елде төтенше ыстық толқыны сақталады деп болжап отыр.
Мексика Ұлттық университеті мамырдың соңғы 15 күнінде ел тарихындағы ең жоғары температура болғанын хабарлады. Дерекке сәйкес, Мексиканың 14 штатында ауа температурасы 40 градустан жоғары болған.