Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мексикада адам сүйегі салынған 40-тан астам қапшық табылды
15:17 / 2023-06-01

Мексиканың Халиско штатының прокуратурасының қызметкерлері Сапопан шатқалынан адам денесінің бөліктері салынған 40-тан қап тапты.

Прокуратура баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жағдай хабар-ошарсыз кеткен жеті жас маманнан құралған байланыс орталығының қызметкерін іздеу кезінде табылған.

«Іздестіру жұмыстары <...> Сапопандағы Мирадор-дель-Боске шатқалында адам сүйегі салынған қаптардың табылуына әкелді <...> Алдын ала мәлімет бойынша, ерлерге де, әйелдерге де тиесілі дене сүйектері бар 45 сөмке табылды», - делінген департамент хабарында.

Сот-медициналық сарапшылар табылған мәйіттердің санын анықтау және олардың кім екенін зерттеу жұмыстарын бастаған. 40 метрлік шатқалдағы жұмыс барлық сөмкелер ол жерден шығарылғанша тағы бірнеше күн жалғасуы мүмкін екені айтылады ақпаратта.

Ведомство дерегінде, табылған сүйектердің із-түссіз жоғалған жастарға тиесілі екенін белгісіз екені, және іздеу шарасы жалғасып жатқаны хабарланған.

Мексикада мұндай жағдай кездесіп тұрады. Ресми есептерге сәйкес, Мексикада 1964 жылдан 2022 жылға дейін із-түзсіз жоғалғандар саны 100 мың адамнан асқан.