Мексиканың солтүстігіндегі Төменгі Калифорния штатында қауіпті «Олаф» дауылы орын алды.
Жойқын дауыл Мексикада қыркүйек айының басында шамамен 7 балдық жер сілкінісінен кейін пайда болған.
АҚШ-тың дауылдардың алдын алу ұлттық орталығы хабарлауынша, штат билігі арнайы баспаналар ашып, мектептегі сабақтарды тоқтатқан. Апат көлік жүйесінің жұмысына әсер еткен. Порттар шағын кемелерді қабылдау үшін жабылып, Лос Кабос пен Ла Пас әуежайларында рейстер тоқтады.
Ең қауіпті жағдай Мексика штатының орталық және оңтүстік бөлігінде тіркелді. Ұлттық азаматтық қорғаныс қызметі азаматтарды терезеге жақындамауға шақырған.
Дауыл күші күшті бес санаттың екіншісі түріне жататын болып, эпицентрдегі желдің жылдамдығы сағатына 150 км-ден 185 км-ге дейін жетеді.
Жойқын дауыл Мексикада қыркүйек айының басында шамамен 7 балдық жер сілкінісінен кейін пайда болған. Кейіннен нөсер жаңбыр салдарынан елдің көптеген жерлері су астында қалды.
Мәліметке қарағанда, дауыл жұма күні әлсіреп, Тынық мұхитына қарай бет алады деп күтілуде.