Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мексика президенті Ресей вакцинасын бірінші өзінде сынақтан өткізетінін айтты
00:41 / 2020-08-18

Мексика президенті коронавирусқа қарсы Ресей вакцинасының тиімділігі дәлелденсе оны бірінші өзінде сынақтан өткізетінін мәлімдеді


Мексика президенті Андрес Мануэль Лопес Обрадор коронавирусқа қарсы Ресей вакцинасының тиімділігі дәлелденсе оны бірінші өзінде сынақтан өткізетінін мәлімдеді.

Саясаткердің айтуынша, егер "Спутник V" вакцинасының тиімділігі мен әмбебаптығы анықталса, Мексика билігі Ремеймен байланыс орнатады. «Біз үшін осы мәселенің маңыздылығында ешқандай шүбә қалдырмас үшін мен бірінші болып вакцинаны өзімде сынап көруге келісемін» деген Обрадор.

Мексика президенті Ресей, АҚШ немесе Қытай болсын кез келген мемлекеттің covid-19 вакцинасының өндірісі тиімді болса сол елдің басшысымен байланыс орнатуға дайын екенін айтқан.

11 тамызда Ресей президенті Владимир Путин алғашқы коронавирус вакцинасының жасалғанын жариялады. Бұл препараттың шетелге жеткізілгенде оның екі дозасы кем дегенде 10 долларды құрайтыны да белгілі болды.