Медицина саласындағы Нобель сыйлығы Дрю Вайсман мен Каталин Карикоға берілді
Медицина мен физиология саласында 2023 жылғы Нобель сыйлығын Пенсильвания университетінің (АҚШ) зерттеушілері Дрю Вайсман мен Каталин Карико иеленді.
Қазанның 2-сі күні Швеция астанасында аталған марапатты тапсыратын Стокгольмдегі Корольдік Каролинска медициналық-хирургиялық институты хабарлауынша, олардың жұмыстары коронавирусқа қарсы мРНҚ вакциналарын жасауға негіз болған.

Еске сала кетсек, медицина саласындағы Нобель сыйлығы жалпы 113 рет беріліп, 2022 жылға дейін 225 лауреат анықталды.
2022 жылғы медицина саласындағы Нобель сыйлығын швед биологы Сванте Пабоға нәсіп етті. Ол жойылған гоминид геномы және адам эволюциясы саласындағы ашқан жаңалықтары үшін лауреат атанды.