Өзбекстанда облыстық және республикалық деңгейдегі барлық көп салалы ауруханаларда жалпы басқаруды медициналық менеджерлер тарапынан жүзеге асыру жоспарлануда.
«Халық денсаулығы-2030» стратегиясы жобасына сәйкес, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін мекемелердің 30 пайызы, облыстық мекемелердің 50 пайызы, республикалық мамандандырылған ғылыми-тәжірибелік медициналық орталықтар мен республикалық мекемелердің 70 пайызы ұлттық аккредиттеуден өтеді.
Әр облыста кемінде 1 облыстық/қалалық мекеме, 5 республикалық мамандандырылған ғылыми-тәжірибелік медициналық орталық және республикалық мекеме халықаралық аккредиттеуден өтеді.
Қаржыландыру, дәрі-дәрмек, медициналық мақсаттағы бұйымдар, жабдық және керек-жарақ, медициналық қызметтер және менеджментпен қамтамасыз етуде озық ұлттық денсаулық сақтау жүйесі қалыптасады.
Сонымен қатар, медицина және фармацевтика қызметкерлерінің кәсіби қызметін кезең-кезеңімен лицензиялау (мемлекеттік тіркеу) қарастырылған.